04
маусым
2026
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Салиева Жанбота Ғазизовна – Жамбыл облысы Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы және Ясарова Рукия Карткуловна – Жамбыл облысы Адвокаттар алқасы адвокаты қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Қонақтар оқушылармен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін нығайтып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Құрметті қонақтарымызға оқушылармен кездесіп, тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!
