25
мамыр
2026
🔔 Соңғы қоңырау — 2026 🔔
Бүгін №67 орта мектеп үшін ерекше әрі тарихи күн.
Мектебіміздің тұңғыш жас түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. 
Бұл күн — балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын сәт. Мектеп қабырғасында өткен қызықты күндер, ұстаздардың тәлімі мен достардың ыстық естелігі әрдайым жүректеріңізде сақталады. 
Құрметті түлектер!
Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, армандарыңыз биік болсын. Еліміздің білімді, тәрбиелі, саналы азаматтары болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Сәт сапар, жас түлектер! 

