✨📩 «БОЛАШАҚҚА ХАТ» ✨📩 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨📩 «БОЛАШАҚҚА ХАТ» ✨📩
22
мамыр
2026

✨📩 «БОЛАШАҚҚА ХАТ» ✨📩

✨📩 «БОЛАШАҚҚА ХАТ» ✨📩
Бүгін мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған ерекше әрі тағылымды іс-шара өтті 🤍 
2026 жылғы жас түлектер мен мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып бүлдіршіндері «Болашаққа хат» жобасы аясында болашақтағы өз-өздеріне хат жазды ✍️💌
Бұл жай ғана хат емес… 
🌟 Бұл — бала жүректен шыққан арман, 
🌟 Бұл — болашаққа жолданған үміт, 
🌟 Бұл — уақытқа аманат етілген естелік.
Оқушылар өз армандары мен мақсаттарын ақ параққа түсіріп, болашақта ел мақтанышы болуға уәде берді 🇰🇿✨ 
Әр хатта — мөлдір сезім, әр сөзде — үлкен сенім бар 🤍
📦 Жазылған хаттар арнайы рәсіммен мектеп мұражайына табысталып, 10 жылдан кейін ашып оқу үшін сақтауға қойылды.
⏳ Мүмкін, арада 10 жыл өткенде бүгінгі армандар шындыққа айналып, осы хаттар үлкен өмірдің ең қымбат естелігі болар…
💫 Болашаққа сеніммен қараған жас жүректердің арманы асқақ, жолы ашық болсын 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив