19
мамыр
2026
📚 Ғылым мен білімді ұштастырған маңызды кездесу
Мектебімізде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мен Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІ ҚҰРУДАҒЫ МЕНТОРЛЫҚ: Мектеп пен жоғары оқу орны байланысының алғышарттары» тақырыбында менторлық кездесу өтті.
Менторлық кездесудің мақсаты: Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ғылыми мектеп қалыптастырудың тиімді тетіктерін анықтау, менторлық жүйенің рөлін айқындау және оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жамбыл облысы филиалы төрағасының орынбасары Ускумбаева Дамеш Шакиевна, өкілдері Тұрмаханбетова Рахия Сейтбековна, Жолдасова Орынкыз Көпбосынқызы, Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушы профессорлары қатысты.
«AMANAT» партиясы Жамбыл облысы филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ғылыми бағытының жетекшісі Жолдасова Орынкыз Көпбосынқызы мен №49 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы, «Менің шағын Отаным» республикалық конкурсының І орын иегері Тайбағар Дарын модератор болды.
Кездесуге Тараз қаласының білім бөліміне қарасты мекеме педагогтері, директордың әдістемелік орынбасарлары, зерттеушілік іс-әрекетпен айналы�
