19
мамыр
2026
📚✨ Мектебім, саған мың алғыс! ✨
Білім мен тәрбиенің алтын ұясы – №67 мектеп оқушылары республикалық челленджге белсене қатысып, өздерінің шығармашылығы мен білімге деген құштарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді 

Кеше ғана партаның қасында бала қиялмен отырған біз, бүгін арманға қанат қаққан шәкіртке айналдық…
Осы жолда бізге бағыт берген — алтын ұямыз, аяулы мектебіміз. 
Мектеп — тек білім ордасы емес.
Ол — алғашқы достықтың мекені,
алғашқы жеңістің куәсі,
алғашқы қателіктен сабақ алған өмір мектебі…
Мектебім,
сен бізге тек білім емес, өмірге деген сенім сыйладың.
Сол үшін саған мың алғыс!
Мектебіміз – арманға бастар жол,
Мектебіміз – жүректегі жылы естелік,
Мектебіміз – болашаққа нық қадам! 
Білім мен өнердің биік шыңдарын бірге бағындыра берейік!
