20
мамыр
2026
🌸 Қыз баланың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі.
Мектебімізде 8–9–10 сынып қыздары арасында «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы қатысқан мамандар:
Қасымова Мураткүл Тұрғыновна
Абдилдаева Гүлдариға Абдықадыровна
Жиналыс барысында қыз балаларға репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану, психологиялық саулық, ерте жүктіліктің алдын алу және болашақ ана денсаулығы жайында маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, қыз баланың өзіне деген құрметі, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.
Мұндай кездесулер жасөспірім қыздардың денсаулық туралы білімін арттырып қана қоймай, олардың саналы, парасатты әрі болашаққа сеніммен қарайтын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. 

