21
мамыр
2026
Тараз қаласы №67 орта мектебі 2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін «Соңғы қоңырау» және қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты төмендегі талаптарды хабарлайды
• Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге, сондай-ақ қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
• Аниматорлар, мерекелік студиялар мен агенттіктердің қызметіне жүгінуге жол берілмейді.
• Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға ойын-сауық орындарына, мейрамхана мен дәмханаларға баруға рұқсат етілмейді.
• Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата- аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және ақша жинауға тыйым салынады.
• Сондай-ақ мемлекеттік емтихан кезінде оқушылардан қалам, дәптер үшін ақша жинауға болмайтыны ескертіледі (қалам мен дәптер оқушыларға мектеп тарапынан беріледі).
• Мемлекеттік емтихан кезінде ата-аналар тарапынан дастархан жаюға қатаң түрде тыйым салынады.
• Оқушылар мен ата-аналардың мектеп аумағында немесе білім беру процесіне қатысты фото/видео материалдарды әлеуметтік желілерге жүктеу барысында педагогтердің және өзге де оқушылардың жеке өміріне қол сұқпау қағидаларын сақтауы, сондай-ақ мектептің беделіне нұқсан келтіретін немесе этикаға жат жарияланымдарға жол бермеуі қатаң талап етіледі. Бұл талаптардың мақсаты:
1. Ата-аналар арасында қаржылық жарыстың алдын алып, әр оқушының материалдық жағдайына қарамастан өзін тең сезінуін қамтамасыз ету.
2. Мұғалімдерге сыйлық беру немесе ақша жинау тәжірибесін жойып, білім беру жүйесінің тазалығын сақтау.
3. Мерекелік шараларды мектеп бақылауынан тыс жерде өткізу барысында туындауы мүмкін жағымсыз жағдайлардың (жол-көлік оқиғалары, бейберекетсіздік) алдын алу.
4. Мектептің білім беру мекемесі ретіндегі мәртебесін сақтап, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты кәсіби деңгейде ұстау.
Құрметпен, мектеп директоры: Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы
