АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;

2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.

3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынады;

4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шығуына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;

5. Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады;

6. Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларынсыз топтасып серуендеуге, себепсіз жүруге тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!
Мектеп директоры Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы!
