14
мамыр
2026
🏆 Халықаралық деңгейдегі үлкен жеңіспен оралған жас чемпионды ерекше ықыласпен қарсы алдық! 🇰🇿✨
Астана қаласында өткен халықаралық “Robotek Grand Tournament 2026” чемпионатында І орын иеленіп, ел мерейін асқақтатқан №67 орта мектептің оқушысы Жұмағалиев Әлиді мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар зор қошеметпен қарсы алды 
Бұл — тек бір оқушының жеңісі емес, бұл — табандылықтың, білімнің, ұстаз еңбегі мен ата-ана қолдауының жемісі 
8 елден келген үздік командалар арасында топ жарып, Қазақстан туын биікке көтерген Әлиге алдағы уақытта бұдан да үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз! 

Жеңіс құтты болсын, чемпион! 


