
«ROBOTEK GRAND TOURNAMENT» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

2025 жылы 13 мамыр Астана қаласында Қазақстар Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты өтті.


Чемпионатқа облысымыздан 7 команда қатысып, «Сұрыптаушы робот» санаты бойынша ІІІ дәрежелі диплом және күміс медельды - Тараз қалалық білім бөлімінің №67 орта мектебінің 7 сынып оқушылары Мэлис Бағдат пен Абдыкапар Әли жеңіп алды. Сонымен қатар, жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!