03
мамыр
2026
🌿 Жаратылыстану айлығы: Білім мен тәжірибе тоғысы!
Сәуір айы мектебімізде ерекше қарқынмен өтті! 1-30 сәуір аралығында жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Табиғат — тылсым дүние» атты жаратылыстану айлығы өз мәресіне жетті. 

Бір ай бойы оқушыларымыз бен мұғалімдеріміз ғылымның тереңіне бойлап, келесідей ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды:
Ғылымға деген қызығушылығын танытып, барлық іс-шараларға белсене атсалысқан оқушыларымыз тиісті марапаттарын иеленді.
«Ғылым таппай мақтанба...» — дейді дана Абай. Бүгінгі кішкентай зерттеушілер — ертеңгі еліміздің мақтанышы болар үлкен ғалымдар!
Барша қатысушыларға, ұйымдастырушы ұстаздарға және қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс айтамыз! Жаратылыстану әлеміндегі ізденістеріміз толастамасын!
