29
сәуір
2026
🧠 Салауатты өмір салты – болашақтың кепілі
Бүгін мектебімізде Тараз қаласы ЖИТС орталығының мобильді тобы, психолог маманы Талапбек Ақжарқын Алматқызы келіп, оқушылармен маңызды профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу жолдары, жұғу тәсілдері және жеке қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен ақпарат берілді. Оқушылар мамандарға сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына үлкен үлес қосады. 


