12
сәуір
2026
# 67 орта мектеп 9 «Ә»сынып оқушысы Рахымжан Бақдаулет ““Insta - ақын”: Жамбыл бүгінде өзінің инстаграмында не туралы жазар еді?
# 67 орта мектеп 9 «Ә»сынып оқушысы Рахымжан Бақдаулет ““Insta - ақын”: Жамбыл бүгінде өзінің инстаграмында не туралы жазар еді? “байқауында:
«Ардақты жастар,
Табиғат – біздің анамыз. Оның әр тынысы, әр үні – тіршіліктің белгісі. Тауды қопарма, суды лайлама, ағашты орынсыз кеспе. Табиғатты аяласаң – өзіңді аялағаның.
Ал әлеуметтік желі дегенің – құрал ғана. Уақытыңды босқа өткізіп, көз майыңды тауыспа. Пайдасы шамалы дүниеге алданып қалма. Оның орнына білім ал, кітап оқы, өнер үйрен.
Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Уақыт – ең қымбат қазына, оны қадірлей біл.
Табиғатпен тілдес, біліммен сусында – сонда ғана өмірің мәнді болады.»
***
Заманың неткен, шіркін-ай,
Сөз емес, сурет билеген.
Домбыра үнін тыңдамай,
Телефон ұстап күйлеген.
Жыр жазбай қағаз бетіне,
Экранға төгіп сырларын.
Лайк жинап әр сөзіне,
Бағалайды жұрт жырларын.
Айтыс жоқ жиын-тойларда,
Тікелей эфир төрінде.
Ақындар отыр ойланбай,
Жазып ап пост бір демде.
Ей, жастар, сөздің парқын біл,
Жыр деген — жүрек айнасы.
Лайк үшін ғана жазба жыр,
Шындық болсын әр жолы.
Домбыра үні өшпесін,
Дәстүрден көзді жазбаңдар.
Инстада болсаң, есіңде ұста:
Ақындық — жай сән емес, ар
***
«Табиғат – тіршіліктің бесігі,
Адам соның аманаты, есігі.
Бұлақ көрсең, көзін аш деп кеткен,
Бабалардың сөзі – мәңгі өсиеті.
Жер жыласа – елдің көңілі жүдейді,
Орман сиреп, өзендердің үні өшпейді.
Аяласаң – табиғат та саған дос,
Қиянат қылсаң – бір күні өзі сөйлейді.
Жасыл әлем – болашақтың айнасы,
Сақтай біл, бұл – ұрпаққа аманаты.»
Жайқалған жасыл далам – жаным менің,
Самалы сыр шертеді сағымменің.
Суретке сыймайтұғын сұлулық бар,
Жаратқан сыйлаған кең байтағым менің.
Бұлақтың сыңғыры – күй боп естіледі,
Құстардың үні – жыр боп төгіледі.
Табиғат – лайк емес, тірі әлем,
Қадірін білмесең, бәрі өшеді де.
Ей, адам, экранға телміргенше,
Бір сәт дала жаққа бұр бетіңді.
Табиғат – Алланың аманаты,
Аяла, сақта, құрметте сен де енді. Жетекшісі Ерпаизова Куланда Едиловна.
Бағаңызды беріп, қолдау көрсетіңіздер 
