21
наурыз
2026
Білім бөлімінің ұйымдары ұйымдастыруымен және #67 келешек мектеп «Балалы үй – базар» атты көрмеге – заманауи технология мен ұлттық мәдениетті ұштастырған ерекше шараға өз үлестерін қосты
Білім бөлімінің ұйымдары ұйымдастыруымен және #67 келешек мектеп «Балалы үй – базар» атты көрмеге – заманауи технология мен ұлттық мәдениетті ұштастырған ерекше шараға өз үлестерін қосты. Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект көмегімен жасалған роботтардың қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін билеуі.
Бұл көрініс көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Себебі дәстүрлі өнер мен инновациялық технологияның үйлесуі – бүгінгі қоғамның даму бағытын айқын көрсетеді. Роботтардың қимыл-қозғалыстары дәл, ырғаққа сай орындалып, би элементтері шынайы түрде жеткізілді. Жасанды интеллект арқылы бағдарламаланған бұл роботтар би қимылдарын үйреніп, оны нақты қайталап көрсете алды.
Көрме барысында оқушылар мен келушілер тек тамашалап қана қоймай, ЖИ технологияларының мүмкіндіктерімен танысты. Бұл өз кезегінде жастардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
«Балалы үй – базар» көрмесі – ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи технологиялардың жетістіктерін көрсеткен маңызды іс-шара болды.
#Тараз қаласының білім бөлімі
#67 келешек мектеп
# Ұлттық құндылық
