18
наурыз
2026
«Шаңырақ — шуақ мекені»
«Шаңырақ — шуақ мекені»
Мектебімізде Шаңырақ күніне орай тәрбиелік мәні зор дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны 8-сынып жетекшілері ұйымдастырып, жоғарғы буын ұстаздары мен жас отбасы құрған мұғалімдер арасында еркін пікір алмасу алаңы құрылды.
– Отбасылық дәстүрлерді жаңғырту
– Жас ұрпаққа шаңырақтың қасиетін ұғындыру
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық тәрбие жайлы маңызды ойлар ортаға салынды. Мұндай тағылымды шаралар жас буынға өнеге болары сөзсіз.
