17
наурыз
2026
Мектепте 9-11 сынып оқушылар арасында “Сенімділік - сәттілік бастауы” тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мектепте 9-11 сынып оқушылар арасында “Сенімділік - сәттілік бастауы” тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: қатысушылардың ішкі мотивациясын ояту және күшейту, өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықтарын арттыру, қиындықтармен сәтсіздіктерге позитивті көзқараспен қаратуды үйрету. Тренинг барысында оқушылар өз-өзіне деген сенімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік алды. Әр түрлі жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз қабілеттерін бағалауға, бір-біріне қолдау көрсетуге және еркін пікір білдіруге үйренді. Сонымен қатар, позитивті ойлау, мақсат қоя білу және қиындықтарды жеңе отырып алға ұмтылу дағдылары қалыптастырылды. Тренинг нәтижесінде қатысушылардың өз күшіне деген сенімі артып, болашаққа деген сенімі нығайды. Педагог-психолог: Б.Муханова 
