18
наурыз
2026
Физика әлемі: Магнит өрісінің құпиясы
Физика әлемі: Магнит өрісінің құпиясы
Бүгін 8 «Ә» сыныбында физика пәнінен өте қызықты әрі танымдық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Тоғы бар түзу өткізгіш және оның магнит өрісі».
Оқушылар ток жүріп жатқан өткізгіштің айналасында көрінбейтін күш — магнит өрісі пайда болатынын тәжірибе жүзінде бақылады. Оң қол ережесін қолдана отырып, магниттік сызықтардың бағытын анықтауды үйренді.
Ғылымға деген қызығушылық осындай тәжірибелік сабақтардан басталады! Оқушыларымыздың талпынысы жоғары, ал алған білімдері алдағы мақсаттарына баспалдақ болсын.
