Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды.
10
наурыз
2026

Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды.

Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды. Жобаны «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі таныстырды. Бұл – Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістерді түсінуге және негізгі заңның әртүрлі редакцияларын салыстыруға көмектесетін чат-боты бар AI-сервис.
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасына деген қызығушылықты ол өңірлердегі тұрғындармен кездесулер барысында байқаған. Жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған Жалпыұлттық коалиция құрамында ол Жамбыл облысы мен еліміздің басқа да бірқатар аймағын аралаған. Сол кездесулерде тұрғындар құжаттың олардың өміріне, жұмысына және өздері тұратын қала мен ауылдардың дамуына қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қойып, белсенді түрде пікір білдірген.
«Жаңа Негізгі заң – біздің кім екенімізді, қандай қоғам құрып жатқанымызды, қандай құндылықтарды қорғап, балаларымызға қандай болашақ қалдырғымыз келетінін айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Конституция әрбір азаматқа, әрбір отбасыға, әрбір қала мен ауылға тікелей қатысты. Ал азаматтарға қарапайым, түсінікті әрі нақты жауаптар қажет», – деді Әбутәліп Мүтәлі.
Чат-бот мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://halykconst.kz/chat
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив