03
наурыз
2026
Облыстық «Онлайн шеберхана» жобасы аясында Тараз қаласындағы №67 «Келешек» мектебінде «Зерттеуге баулу арқылы жүлдегер дайындау тәжірибесі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтілді.
Шеберлік сыныбын Байзақ ауданы, Нығметтула Киікбаев атындағы мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілер, филология ғылымдарының магистрлері Омарова Айнур Жамалбековна мен Тезекбаева Гулсая Кадирекбековна өткізді.
Шара барысында оқушыларды зерттеу жұмысына баулудың тиімді жолдары талқыланып, жүлделі орындарға жетелейтін озық әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 



