Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ҰБДҚ «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модуліне, «Enbek.kz» және мектептің ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ҰБДҚ «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модуліне, «Enbek.kz» және мектептің ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:
- Педагог-психолог-1 бірлік
Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №67 орта мектебі» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, «Әулиеата» ауданы, Ұлы Дала 141
Анықтама, байланыс номері: 87712331189
Электрондық пошта: 67_mektep@mail.kz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Оқушылардың дамуы, оқуы және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Оқушылар арасындағы проблемалық жағдайлардың себептерін анықтау. Психологиялық қамтамасыз ету мұқтаж балаларға көмектесу. Дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Оқу процесін бақылау. Балаларды дамыту, әлеуметтендіру және бейімдеу мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға кеңес беру.
Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:
Педагог-психолог-100000-120000 (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.11 –05.12.2025 жыл аралығында.
Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімі: 08.12-12.12. 2025 жыл аралығында
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы» қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, «Ұлы дала» мөлтек ауданы, мекен-жайында орналасқан «№67 орта мектебінің» қабылдау бөлімінде қабылданады.