17
ақпан
2026
14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, №67 орта мектебінде “Шын жүректен кітап сыйла” акциясы өтті.
Кітап – ең құнды сыйлық. Ол – білімнің бастауы, ойдың шамшырағы, рухтың азығы.
Акцияның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттау.
Кітап сыйлау арқылы сіз тек парақ емес, болашақ сыйлайсыз. 



