02
ақпан
2026
🔰Мектебімізде қаңтар айында 5-7 сынып оқушылары арасында «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Мен қарап тұрып, үндемедім… Ал сен ше?» тақырыбында тренинг ойын - жаттығулары өткізілді.
Тренингтің мақсаты — оқушылардың буллингке қарсы көзқарасын қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік танытуға және қиын жағдайдағы сыныптастарға қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Тренинг барысында:
– буллингтің түрлері мен оның зардаптары талқыланды;
– өмірлік жағдаяттарға байланысты рөлдік ойындар мен пікірталастар ұйымдастырылды;
– «Көріп тұрып үндемеу — үнсіз келісу» деген ұғым төңірегінде ой бөлісті.
Оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ашық білдірді. Іс-шара буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынас орнату және өзара қолдауды нығайтуға бағытталған тиімді жұмыс болды.


