
Абай тағылымы – ұлт болмысының бастауы .Ұлт мәдениетінің жарқын үні. Қазақ халқының алтын діңгегі. Оның шығармалары мен ойлары тек өз заманының шеңберінде қалып қойған жоқ, бүгінгі күні де қазақ қоғамы үшін рухани, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып отыр. Абайдың тағылымдары – бұл адамның өзін-өзі жетілдіруі, ұлттық бірегейлік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық сияқты адамзаттық құндылықтардың айнасы. Осы кәусар бұлақтан сусындап өсу үшін жаскелең ұрпаққа Абай тағлымын ұлыққтап, бойларына мектеп жасынан сіңру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен мектебімізде дәстүрлі “ Абай оқулары” өтті.”Абай оқулары” ережесіне сай оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқып,Абай тағлымынан түйген ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, эссе жазды.Сондай-ақ Абай шығармаларынан алған әсерлерін бояу сырымен жеткізді . Бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанған оқушылар марапатталып ,жеңіс тұғырынан көрінді