22
желтоқсан
2025
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз бала тәрбиесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Бұрымды қыз” челленджіне 7 “А” сыныбының арулары белсене қатысты.
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз бала тәрбиесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Бұрымды қыз” челленджіне 7 “А” сыныбының арулары белсене қатысты. Бұл челлендж — тек шаштың ұзындығын ғана емес, қыздардың сұлулығын, инабаттылығын, ұлттық дәстүрге деген құрметін көрсетуге бағытталған.
Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын, қыз балаға тән әдептілік пен көркем мінезді ұрпақ санасына сіңіруге негізделген бұл шара оқушыларымыздың қызығушылығын оятып, тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.
7 “А” сыныбының бұрымды қыздары өз өнерлерімен, жинақы келбеттерімен, инабатты жүріс-тұрысымен көпшілікке үлгі бола білді. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жас ұрпақтың бойында рухани мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Қазақ қызы — ұлттың айнасы. Бұрымды аруларымыздың ел ертеңін жарқын ететін инабатты, білімді, тәрбиелі тұлға болып өсулеріне тілектеспіз! 


