*

Тамақтан уланудың алдын алу – басты назарда!

*
Бүгін мектебімізде *асхана қызметкерлері мен аспазшыларға* арналған *”Тамақтан уланудың алдын алу және санитарлық талаптарды сақтау”* тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.

*Мақсаты:* тағам дайындау мен сақтау барысында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, оқушылардың денсаулығын қорғау.
*Түсіндіру барысында қамтылған тақырыптар:*

Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтау

Қол гигиенасы және жұмыс орнының тазалығы

Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану

Тағамдарды термиялық өңдеу ережелері

Улану белгілері байқалған жағдайда шұғыл әрекет ету тәртібі

Әлеуметтік педагог пен мектеп медбикесі тарапынан нақты кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.

Мектеп ұжымы оқушылардың қауіпсіз және сапалы тағаммен қамтамасыз етілуін басты назарда ұстайды.