15
желтоқсан
2025
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым”
5 «Г» сыныбымен өткен сынып сағатында оқушылар Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсініп, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.
Сабақ барысында еліміздің тарихына шолу жасалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, еркін елде өмір сүрудің маңызы айтылды.
Оқушылар өз ойларын өлең, пікір, сурет арқылы жеткізіп, патриоттық рухтарын көрсете білді.
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың баға жетпес байлығы, ұрпаққа аманат етер асыл қазынасы.
Сынып жетекші: Бектанова Айнұр
