15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік – ел тірегі, ұрпаққа аманат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – халқымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалып, егемен ел ретінде әлемге танылған тарихи мереке.
Бұл күн – елдің бірлігі мен тұтастығын, бейбіт өмір мен жарқын болашақты айқындайтын ерекше күн. Тәуелсіздік бізге ата-бабаларымыздың ерлігі мен қайсарлығының арқасында келді.
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың бойына отансүйгіштік рух, елге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында арнайы бейнеролик түсірілді.
Болашақ ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ел тарихын құрметтеу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі, бірлігіміз берік болғай!
