15
желтоқсан
2025
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік – бабалар аңсаған, бүгінгі ұрпақ бағалауға тиіс ең қастерлі ұғым. Ол – азат елдің айбыны, ұлттың рухы, елдігіміздің тұғыры!
Осы ұлы мереке аясында мектебімізде «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, өлең, ән мен көріністер арқылы Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Бұл — тек мереке емес, өткенге тағзым, болашаққа сенім!
Жастардың рухын көтеріп, елге деген мақтаныш сезімін арттыратын мұндай іс-шаралар — Тәуелсіздіктің мәңгілік болуына қосылған үлес.
