*

Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің Тұғыры!

*

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 8 «Ә» сыныбымен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға егемен еліміздің өткені мен бүгінгі жетістіктерін ұғындыру, отансүйгіштікке баулу.

Оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның даму жолы жайлы деректермен бөлісіп, өлең оқып, патриоттық әндер шырқап, өз ойларын ортаға салды.

Сынып жетекшісі: *Жақсылықова Айшолпан Болатқызы*

«Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы» екенін ескеріп, Тәуелсіздік құндылығын әр оқушы жүрегіне сіңіру – басты мақсатымыз!
