23
мамыр
2025
Білімім — Отаныма!
Білімім — Отаныма!
5 «Б» сыныбында тәрбие сағаты өтті
Отанды сүю – білім алудан басталады. Осы ұстанымды негізге ала отырып, 5 «Б» сыныбында «Білімім —Отаныма!» атты тәрбие сағат өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына білімге құштарлық пен елге деген сүйіспеншілік сезімін сіңіру.
Сынып жетекшісі Мусырманкулова П. ұйымдастырған бұл тәрбие сағатында оқушылар «Отан», «Білім», «Болашақ» ұғымдары туралы ой қозғап, өз түсініктерін ортаға салды. Олар Отан алдындағы парыз бен жауапкершілік туралы пікір айтып, көркем сөздер оқып, шағын көріністер көрсетті.
Іс-шара барысында:
• Тақырыптық бейнеролик көрсетілді;
• Оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды;
• “Менің білім арқылы Отанға қосар үлесім” атты эссе жұмыстары таныстырылды;
• Шығармашылық суреттер мен плакаттар көрмесі ұйымдастырылды.
Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, Отанға адал қызмет ету үшін ең алдымен сапалы білім алу қажет екенін ұғынды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушы санасында азаматтық сезім қалыптастырып, олардың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.
Ұраны: «Білімді болу — болашаққа сенімді қадам басу!»