
Кезекті *”Болашаққа бағдар”* подкаст айдарының қонағы — мектебіміздің мақтанышы, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, *Ташкент пен Түркия* қалаларына жолдама ұтып алған *”Елігай”* би үйірмесінің жетекшісі *Маглумбекқызы Фарида* ханым болды.

Дарынды шәкірттері — Егеубай Динара, Сәрсенбек Көркем, Ордабек Айару және кішкентай бишілер сахна сырларымен, жеңіс жолындағы еңбектерімен бөлісіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Подкастты жүргізген — 7 “А” сынып оқушысы Бақытжанқызы Ажар.

Осындай шығармашылық сұхбаттар шәкірттерге шабыт беріп, үлкен мақсаттарға жетуге жол ашады. “Елігай” ұжымына өнер биігінен көріне берулеріне тілектеспіз!