18
қыркүйек
2025
«Болашаққа бағдар»
📍 *«Болашаққа бағдар» подкаст айдары*
🎙️ Мектеп қабырғасындағы ерекше жобалардың бірі — «Болашаққа бағдар» айдары өз жұмысын бастады! Бұл жоба — білім мен тәрбие жолындағы табысты тұлғаларды таныстырып, оқушыларға мотивация беруді мақсат еткен тың бастама.
🔹 Айдардың алғашқы қонағы — мектебіміздің мақтанышы, оқу озаты, түрлі білім сайыстары мен олимпиадалардың жеңімпазы, Алтын белгі иегері— Рүстем Еңлік.Ол өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісіп, білім жолында табысқа жету үшін қандай еңбек қажет екенін шынайы жеткізді.
🔹 Сұхбат жүргізуші — 7 «А» сынып оқушысы, өзіндік ойы мен белсенділігімен көзге түсіп жүрген Егеубай Динара.Оның сауатты сұрақтары мен достық атмосферада жүргізген әңгімесі тыңдаушының қызығушылығын оятты.
💬 Сұхбат барысында Еңлік өз арманы, болашақ мамандығы, бос уақытын қалай өткізетіні, мотивацияны қайдан алатыны жайлы бөлісті. Оның еңбекқорлығы мен табандылығы жастарға үлгі болары анық. 🎯 Айдардың басты мақсаты— қатарластарынан шабыт алып, білім мен тәрбиеде, шығармашылықта, спортта биік белестерді бағындырған оқушыларды дәріптеу. Бұл — болашаққа сеніммен қадам басатын жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін орта. 👩🏫 *Жоба жетекшісі*: ағылшын тілі пәні мұғалімі, сынып жетекші — Базылбекова Балжан Болатбекқызы