02
желтоқсан
2025
🔰Бүгін мектебімізде ата аналар комитетінің ұйымдастыруымен «Ата-ана, бала және мектеп ынтымақтастығы» тақырыбында ата аналар кеңесі өтті.
Кеңеске қалалық “Отбасын қолдау орталығы” басшысы Г.Жақсылықова, қала прокуратурасының өкілі Ж.Байтасов, ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Рысбаева қатысып, кәмелетке толмағандардың
тәрбиесін жетілдіруде отбасы тәрбиесінің маңызын атап өтті.
Ең әсерлі сәт ата-аналар төрайымдарының дайындаған тәрбиелік көрінісі болды. Онда жас отбасының өмір жолы, қуанышы мен қиндықтары, әке мен ананың бала алдындағы жауапкершілігі шынайы сахналанды. Бесік жыры, ананың мейірімі, баланың күлкісі көрермендердің жүрегіне жетті.Кеш жас өнерпаздардың өнерімен жалғасты.
