01
желтоқсан
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
Өткен аптада өңірдегі тұмау жағдайының күшеюіне байланысты мектеп оқу үдерісін уақытша онлайн форматқа ауыстырған болатын. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына орай, сабақтарды қалыпты режимде жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап оқу процесі қайтадан офлайн форматта өткізіледі.
Барлық сынып оқушылары сабақ кестесіне сәйкес мектепке келулері қажет.
Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі ережелерге назар аудару сұралады:
• мектептегі санитарлық талаптарды сақтау;
• жеке гигиенаға мән беру;
• өзін жайсыз сезінген жағдайда сынып жетекшісіне хабарлау.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың сабаққа уақытылы келуін, сондай-ақ қажетті оқу құралдарының толық болуын қадағалап отыруларыңызды өтінеміз.
Білім беру процесінің қалыпты жүруіне түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Мектеп әкімшілігі