13
мамыр
2025
Ер есімі – ел есінде!
Бүгін 2-сынып білім алушылары үшін ерекше күн болды. Олар батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, тарихи танымын кеңейту мақсатында музейге саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қазақ батырлары туралы тың деректермен танысып, ерлікке толы өмір жолдары туралы көп мағлұмат алды.
Бұл шара балалардың отансүйгіштік рухын көтеріп, тарихқа деген қызығушылығын арттырды.
Ел үшін ерен еңбек еткен ерлер есімі – мәңгі жадымызда!
Сынып жетекшілері: Балабекова А, Мұратәліқызы А