
Әрбір адам спортпен айналысуы керек. Өйткені, спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл – күйі көтеріңкі болып, денсаулығы жақсарады.Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды.

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, мектебіміздің 7”б”сыныбының оқушысы Абдықадыр Қадыржан бокстан Ерлан Тәттібаевтың жүлдесіне арналған турнирдің жасөспірімдер арасындағы Республикалық ашық біріншілігінде жүлделі 1 орын иеленді.Қадыржанды жеңісімен құттықтап ,болашақта әлем,олимпиада чемпионы болуына тілектеспіз.