Ақпарат » Страница 58 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
🔰«Turan Fast»  Республикалық  байқауында «Вокал»  номинациясы бойынша  №67 орта мектебінің білім алушылары қатысып  жүлделі   орындар иеленіп қайтты,  шын жүректен құттықтаймыз!
15
желтоқсан
2025
🔰«Turan Fast» Республикалық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша
«Turan Fast»  Республикалық  байқауында «Вокал»  номинациясы бойынша  №67 орта мектебінің білім алушылары қатысып  жүлделі   орындар иеленіп қайтты,  шын жүректен құттықтаймыз!
🔰Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік ұстаз»  төсбелгісімен және «Атадан мұра»  қоғамдық қорының бүлдіршіндер,  мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Turan Fest»
15
желтоқсан
2025
🔰Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен
Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік ұстаз»  төсбелгісімен және «Атадан мұра»  қоғамдық қорының бүлдіршіндер,  мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Turan Fest»  байқауына үздік шәкірттер дайындағаны үшін МАДАҚТАМА және ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен №67 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Әмір Салтанат Ержанқызы марапатталды. 
🔰«Turan Fast»  Республикалық  байқауында «Көркем сөз»»  номинациясы бойынша  4 Ә сынып білім алушысы Ақтан Нұрила  жүлделі 1- ші орынды иеленіп халықаралық байқауға жолдама алды.
15
желтоқсан
2025
🔰«Turan Fast» Республикалық байқауында «Көркем сөз»» номинациясы
«Turan Fast»  Республикалық  байқауында «Көркем сөз»»  номинациясы бойынша  4 Ә сынып білім алушысы Ақтан Нұрила  жүлделі 1- ші орынды иеленіп халықаралық байқауға жолдама алды.  Жетекшісі: Әмір С. Е
🇰🇿 *ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!* 🇰🇿
12
желтоқсан
2025
🇰🇿 *ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!* 🇰🇿
 *ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!*   *8 “А” сынып оқушыларынан шын жүректен құттықтау челенджі!. 16 желтоқсан – әр қазақтың жүрегінде ерекше орны бар, қастерлі күн.  Бұл – ата-бабамыздың ерлігімен, ерен еңбегімен келген *Тәуелсіздік күні!   Тәуелсіз елімізді мақтан тұтамыз!   Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтейміз!   Болашағымыз жарқын болсын деп тілейміз!
Математика сабағында 5 сынып оқушыларына арналған “Арқан тарту” әдісімен сергіту сәті ұйымдастырылды! 💪🎉
12
желтоқсан
2025
Математика сабағында 5 сынып оқушыларына арналған “Арқан тарту”
Математика сабағында 5 сынып оқушыларына арналған “Арқан тарту” әдісімен сергіту сәті ұйымдастырылды! Балалар бірге командада жұмыс жасап, күштерін сынап, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттырып, сабақты қызықты әрі есте қаларлық етеді. #Математика #СергітуСәті #5сынып #ОқуОйын #КомандалықЖұмыс
🇰🇿АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ🇰🇿
12
желтоқсан
2025
🇰🇿АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ🇰🇿
АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ  ⠀  Мектебіміздің 7-сынып оқушылары “Азаттық жолындағы ерлікке құрмет” тақырыбында бейнеқұттықтау түсірді.  ⠀  Бұл көрініс — өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізу, ел үшін ерен ерлік көрсеткен батырларымыздың рухына тағзым ету, ұлт рухын ұлықтау мақсатында жүзеге асты.  ⠀  Жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ояту — біздің басты міндетіміз!  ⠀   Елі үшін жанын қиған ерлерге мәңгілік тағзым!  ⠀  #АзаттықЖолы  #ҰлтБатырлары 
8 « Ә » сынып оқушыларының атынан құттықтау челленджі
12
желтоқсан
2025
8 « Ә » сынып оқушыларының атынан құттықтау челленджі
8 « Ә » сынып оқушыларының атынан құттықтау челленджі  *16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні* Тәуелсіздік – ата-баба аманаты, ұрпаққа мұра!  1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, азат ел ретінде жаңа тарихын бастады. Бұл күн – халқымыздың еркіндікке деген ұмтылысы мен арман-мұратының орындалған күні. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – бірлігі бекем, болашағы жарқын, рухы асқақ ел!  Еліміздің көк туы бейбіт аспанда мәңгі желбіресін!  *Тәуелсіздік күні құтты болсын!*  Әр отбасыға
🔰Құрметті ұстаздар мен ата- аналар достар!
12
желтоқсан
2025
🔰Құрметті ұстаздар мен ата- аналар достар!
Құрметті ұстаздар мен ата- аналар достар! Бүгін – Қазақстанның Тәуелсіздік күні! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Біз – еркін елдің бақытты баласымыз. Отанымызды жақсы оқып, еңбек етіп қорғаймыз! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанның мерекесін атап өтудеміз. 1991 жылы еліміз еркіндік алып, өз жолын бастады. Біз – болашағымыздың иесіміз. Туған жерімізді сүйіп, байтақ елімізді құрметтейміз. Тәуелсіздік мәңгі жасасын! 2”А” сынып Сынып жетекшісі- Әлмаханбет Н
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ПАРАҒЫ!
12
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ПАРАҒЫ!
 ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ПАРАҒЫ!  Мемлекетіміздің ең қастерлі де, айбынды мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Тараз қаласындағы №67 орта мектебінің  білім алушылары жүрекжарды видео тартуын жолдады.  Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы Тәуелсіз Қазақстанның болашағына сенім білдіріп, бейбіт елдің мәңгілік ел болуына үлес қосуға дайын екендерін көрсетті. Дарынды оқушыларды қолдау — ел болашағын қолдау! Осындай жарқын бастамалар – Тәуелсіздігіміздің баянды болуына қосылған зор үлес.