Ақпарат » Страница 14 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
🔰Мектебіміздің 2 г сыныбының оқушысы Ораз Мансұр халықаралық деңгейдегі математика байқауларында жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
06
мамыр
2026
🔰Мектебіміздің 2 г сыныбының оқушысы Ораз Мансұр халықаралық
Мектебіміздің 2 г сыныбының оқушысы Ораз Мансұр халықаралық деңгейдегі математика байқауларында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. “FOC халықаралық олимпиадан II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ораз Мансұр -есімі құрметке лайық,еңбегі елге үлгі болатын азамат.Оның бойындағы табандылық, парасаттылық кез келген жанға жігер береді.Осындай тұлғалар қоғамның тірегі, болашақтың шамшырағы екені сөзсіз.
Сәлемдесу – тәрбиенің айнасы 😊
06
мамыр
2026
Сәлемдесу – тәрбиенің айнасы 😊
Сәлемдесу – тәрбиенің айнасы Адамның мәдениеті мен көргенділігі ең алдымен амандасуынан байқалады. Жылы жүзбен, ықыласпен айтылған «Сәлеметсіз бе?» – тек сөз емес, ол құрмет пен ізеттіліктің белгісі  Кішінің үлкенге ізет көрсетуі, үлкеннің кішіге мейірім танытуы – қоғамдағы сыйластықтың негізі Қарапайым амандасу арқылы біз бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлай аламыз  Сондықтан әр кездесуді шынайы сәлемдесуден бастайық. Өйткені тәрбие – ұсақ нәрседен көрінеді #Сәлемдесу #Тәрбие #Құрмет #Мәдениет
ҰБТ-ға дайындық баспалдағы — бүгінгі кішкентай қадамдар ертең үлкен нәтижеге жеткізеді 📚
05
мамыр
2026
ҰБТ-ға дайындық баспалдағы — бүгінгі кішкентай қадамдар ертең үлкен
ҰБТ-ға дайындық баспалдағы — бүгінгі кішкентай қадамдар ертең үлкен нәтижеге жеткізеді 10-сынып оқушылары тест тапсырып, өз білімдерін шыңдауда. Әр тапсырма — тәжірибе, әр қате — сабақ, әр дұрыс жауап — сенім Бастысы — тоқтамау, алға ұмтылу және өз-өзіңе сену   Біз бірге үлкен мақсаттарға жетеміз! #ҰБТ #дайындық #10сынып #білім #мотивация
🎓✨ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ҚАДАМ ✨
04
мамыр
2026
🎓✨ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ҚАДАМ ✨
 ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ҚАДАМ М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ұйымдастырған «Туристік компас – идеалды маршруттарды әзірлеу» тақырыбындағы байқауда 8 «Ә» сынып оқушысы Нұрсейітқызы Мереке   І ОРЫН иегері атанды! Бұл жетістік – үлкен еңбектің, ізденістің және алға қойған мақсатқа деген сенімнің нәтижесі Осындай биік белестерді бағындыру – тек білімнің ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлау мен табандылықтың айқын көрінісі. Мерекенің бұл жеңісі – өзіне деген сенімнің, ізденімпаздықтың
🔰Қала мектептерінің оқушылары арасында “IT FUTURE  - жас бағдарламашылар” тақырыбындағы қалалық хакатон байқауында #67 келешек мектептің 9 “Ә” сынып оқушысы “Safe Nest” командасы атынан қатысып  Сарсенбек Диана I  орын иеленді
04
мамыр
2026
🔰Қала мектептерінің оқушылары арасында “IT FUTURE - жас
Қала мектептерінің оқушылары арасында “IT FUTURE  - жас бағдарламашылар” тақырыбындағы қалалық хакатон байқауында #67 келешек мектептің 9 “Ә” сынып оқушысы “Safe Nest” командасы атынан қатысып  Сарсенбек Диана I  орын иеленді # 67 мектеп # Жас бағдарламашы # инженерлік сынып
🥇🥈 Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
04
мамыр
2026
🥇🥈 Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
 Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Алматы қаласында өткен *Altyn Dala Championship* ашық грэпплинг турнирінде ІІ-орын иеленген 7 «А» сынып оқушысы Мұрат Қыдырәлі Сонымен қатар, «Нұржан» бокс клубында өткен 2011–2018 ж. жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирде І-орын алған 7 «А» сынып оқушысы Қозыкөрпеш Арнат Сіздерді жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, алдағы жарыстарда тек биік белестерден көріне беріңіздер! #құттықтаймыз #жеңіс #спорт #грэпплинг
🔰30 сәуір күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді.
04
мамыр
2026
🔰30 сәуір күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс
30 сәуір күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің маңызы кеңінен талқыланып, ата-ананың бала өміріндегі рөліне ерекше назар аударылды. Екінші кезеңде тәрбиелік бағыттағы тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Үшінші кезеңде қорытынды жасалып, ата-ана
📚✨ Мектепішілік сынып жетекшілер форумы өтті
04
мамыр
2026
📚✨ Мектепішілік сынып жетекшілер форумы өтті
 Мектепішілік сынып жетекшілер форумы өтті Бүгін №67 «Келешек» мектебінде «Сынып жетекші – тәрбие мен жауапкершілік көшбасшысы» тақырыбында мектепішілік форум ұйымдастырылды. Форумның басты мақсаты – сынып жетекшілерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасап, тәрбие жұмысының үздік үлгілерімен таныстыру және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.  Іс-шара барысында:  Заманауи тәрбие әдістері талқыланды  Үздік жобалар мен тәжірибелер ұсынылды  Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жолдары қарастырылды
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
мамыр
2026
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мектебіміздің 5 “В” сыныбының оқушысы Мақұлбек Кәусар халықаралық деңгейдегі би байқауларында жоғары жетістіктерге қол жеткізді:  «International Dance Competition and Festival “Freedom”» – І орын    «International Choreography Competition» – ІІІ дәрежелі лауреат Әр қимыл — еңбек, әр жеңіс — табандылықтың нәтижесі.   Кәусарға алдағы уақытта да жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!    Мектебіміздің абыройын асқақтата бер!
🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
мамыр
2026
🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  Мектебіміздің 5 “В” сынып оқушысы Сатымхан Нуриддин «USHQYN» халықаралық өнер байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды!  «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша — І ОРЫН! Бұл жетістік — өнерге деген сүйіспеншілік пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Әр әуен — жүректен, әр қадам — табандылықтың көрінісі.    Нуриддинге шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!   Мектебіміздің абыройын асқақтата бер!