19
қараша
2025
Қазақ тілі мен Тарих пәндерінің ұйымдастыруымен “Білімнің шырағын жақ” тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында пән мұғалімдері заманауи жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолданудың мүмкіндіктерімен танысып, платформаның функционалдық қырларын тәжірибе жүзінде қарастырды.
Семинардың мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, оқыту үдерісін жетілдіру және жаңа технологияларды тиімді енгізу болды.
Қатысушылар “Shyrak AI” арқылы сабақ жоспарлау, оқу материалдарын саралау, тапсырмаларды автоматтандыру және оқушыға дербестендірілген қолдау көрсету жолдарын талқылады. Семинар педагогтер үшін пайдалы тәжірибе алаңы болып, өзара ынтымақтастық пен кәсіби дамуға серпін берді.
Осындай мазмұнды шараны ұйымдастырған Қазақ тілі және Тарих пәндерінің ұстаздарына мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!