
Бүгін 4 “А” сыныбында Қазақ тілі сабағынан “Абай шығармалары -ұрпаққа мәңгі” Сөйлемнің бірыңғай мүшелері тақырыбында сабақ өтілді. Ұлы Абай туралы ой қозғалды. Оның өлеңдері мен қара сөздері қазақ халқының рухани дүниесін байытты, адамгершілік, білім, әділдік, еңбекқорлық сынды құндылықтарды дәріптеді. Өлеңнен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тапты. Оқушылар топтық жұмыс жасап, сабаққа белсенді қатысты.