📌 ҰБТ туралы түсіндіру жұмысы » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📌 ҰБТ туралы түсіндіру жұмысы
11
қараша
2025

📌 ҰБТ туралы түсіндіру жұмысы

📌 ҰБТ туралы түсіндіру жұмысы
Мектебімізде 11 сынып білім алушыларына арналған Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
Тестілеудің өткізілу тәртібі, пән таңдау мүмкіндіктері, тіркелу кезеңдері, тест ережелері және нәтижені апелляциялау жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мектеп психологы уақытты тиімді пайдалану, стресс жағдайын басқару, дайындық жоспарын құру жөнінде кеңестер берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
📚 ҰБТ — болашаққа бағыт беретін маңызды емтихан.
Сабырға берік болып, белсенді дайындық жасаған әр оқушы өз мақсатына жете алады. Түлектерге сәттілік тілейміз!
Жауапты: Рахметильдаева А.Г
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив