11
қараша
2025
🔰Бүгін оқушыларға онлайн дәріс өтті
2025 жылдың 11 қарашасында ҚР Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тілешұлының қатысуымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Онлайн дәріс барысында оқушыларға құқықтық, мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік, құқық, бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша
маңызды ақпараттар ұсынылып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызына
баса назар аударылды.
Іс-шара жастардың құқықтық, мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
@oqu_agartu_ministrligi @taraz.akimdigi @zhambyl.gov.kz @taraz_police
