
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі ережелері:
өрт болған жағдайда, дереу «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз;

Электр сымдарын, розеткаларды қадағалаңыз, олардың жарамдылығын тексеріңіз;

Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын қоспаңыз (әсіресе үлкен қуатты);

От жағылатын жердің жанында жалын тараған жағдайда отты сөндіруге арналған су мен бұтақтар болуы керек.