🔰2025 жылдың қараша айында №67 орта мектебінде «Құқықтық жалпы оқыту айлығы» шеңберінде «Бала құқығын біл – болашағыңды қорға!» атты волонтерлік акция өткізілді » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰2025 жылдың қараша айында №67 орта мектебінде «Құқықтық жалпы оқыту айлығы» шеңберінде «Бала құқығын біл – болашағыңды қорға!» атты волонтерлік акция өткізілді
10
қараша
2025

🔰2025 жылдың қараша айында №67 орта мектебінде «Құқықтық жалпы оқыту айлығы» шеңберінде «Бала құқығын біл – болашағыңды қорға!» атты волонтерлік акция өткізілді

🔰2025 жылдың қараша айында №67 орта мектебінде «Құқықтық жалпы оқыту айлығы» шеңберінде «Бала құқығын біл – болашағыңды қорға!» атты волонтерлік акция өткізілді.⚜️
🔸Акцияның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және азаматтық белсенділікті дамыту. 
Акцияға ДТІЖО С.Бейсенбай мен  ДҚІЖО Е.Досалиев қатысып, оқушыларға бала құқығы жайлы маңыздылықты түсіндірді.
🔺«ӨӨБҰ» мен «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері баяндама жасап, спикерлер ретінде белсенділік танытқан Айбек Нұрай мен Кәрібек Мақпал құқықтық мәдениет, бала құқықтары туралы маңызды деректермен бөлісті.
🔺Ғалымжанқызы Балайым мен Сейтқасымова Жанерке ұйымдастырған интерактивті бөлімде оқушылар қорапша ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Бұл бөлім қатысушылардың білімін бекітуге бағытталды.
🔺Асан Інжу мен Мұрат Інжу оқушыларға түрлі-түсті қағаздар таратты. Оқушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын қағаз бетіне түсіріп, акциядан алған әсерлерін жазып қалдырды. 
🔹Волонтерлік акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың құқықтық білімін арттыруға және жауапкершілік сезімін нығайтуға септігін тигізді.
Жауапты: аға тәлімгер Тауасарова Ф.М
#Жасұланмүшелері#ӨӨБҰ_мүшелері_мектепбелсенділері
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив