Бүгін мектеп базасында жас мамандарға арналған “Бағалаудың түрлері” тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Бүгін мектеп базасында жас мамандарға арналған “Бағалаудың түрлері” тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты – жас ұстаздардың бағалау жүйесі туралы білімін жетілдіру, оқу үдерісінде қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді әдістерін меңгерту. Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі бағалау түрлерімен танысып, тәжірибелік тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, бағалаудың әділдігі мен оқушы ынтасына әсері жайлы пікір алмасып, жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылады. Семинар соңында жас мамандар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға зор мүмкіндік береді.