
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ-БАСТЫ ТАҢДАУ!

2025 жылғы 21 қазандағы “Кәсіптік бағдар беру” бағыты бойынша сауалнама жұмысы өткізілді.

Сауалнаманың мақсаты-оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын, бейімділіктерін және қабілеттерін анықтау.

*Сауалнама қорытындысы бойынша*, оқушылардың басым бөлігі *медицина саласына* қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, IT, педагогика, әскери қызмет, құқық қорғау, шығармашылық бағыттар (дизайн, өнер), техникалық мамандықтар және *құрылыс салаларына* да айтарлықтай сұраныс байқалды.
Бұл нәтижелер оқушылардың болашаққа саналы көзқараспен қарап, қоғамға қажетті маман болуға ұмтылысын көрсетеді. Ал біз кәсіби бағдар беру жұмыстарын осы бағытта одан әрі жандандыруды мақсат етеміз.
