20
қазан
2025
67 орта мектеп, 7 “Б” сыныбы.
67 орта мектеп, 7 “Б” сыныбы.
Сынып жетекшісі :Нұрышова Балжан.Республика күніне арналған тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 25 қазан – Республика күнінің тарихи маңызын, Қазақстанның егемендік алу жолындағы алғашқы қадамдарын (Егемендік туралы Декларацияның қабылдануы) түсіндіру, білімін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, өз елінің тарихы мен мәдениетін мақтаныш етуге, Қазақстанның саналы да парасатты азаматы болуға тәрбиелеу. Бірлік, достық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
