
Асхананы бақылау – денсаулық кепілі!

2025 жылдың 9 қазан күні мектебімізде бракераж комиссиясының кезекті зерделеу жұмысы жүргізілді.

Комиссия мүшелері асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігін, тағам сапасын, мәзірдің орындалуын және қызметкерлердің тазалық сақтау ережелерін сақтауын тексерді.

Тексеру барысында назар аударылды:
• Тамақтардың дәмі мен сапасына;
• Өнімдердің сақтау мерзімі мен шарттарына;
• Асханадағы тазалық пен құрал-жабдықтардың жай-күйіне;
• Күнделікті мәзір мен оқушы үлесіне сай тағам берілуіне.

Нәтижесінде, асхана жұмысы жалпы талаптарға сай деп танылды.

Оқушылардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануы – біздің басты назарымызда. Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.