18
қыркүйек
2025
№67 орта мектебінде маңызды кездесу өтті
№67 орта мектебінде маңызды кездесу өтті. Бүгін мектебімізде балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов және сала мамандарынан құралған жұмысшы тобы келіп, 8, 9, 10-сынып білім алушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында мазмұнды кездесу өткізді. Жасөспірімдерге өз құқықтарын білу, қиын жағдайларда қорғана білу және заңға бағынудың маңыздылығы жайлы нақты ақпараттар берілді. Мұндай кездесулер – жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам. ✊ Балалардың амандығы – баршамыздың ортақ міндетіміз!