
Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында Арлан Қасымжан және Мұрат Қайратұлы «Жасанды интеллект заман талабы» атты семинарын өткізді.

Семинардың басты мақсаты – педагогтарға жасанды интеллект технологияларын таныстыру және оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға ChatGPT, Phet Colorado, Jeopardylabs секілді жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері таныстырылып, білім беруде заманауи цифрлық шешімдерді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қатысушылары жасанды интеллекттің білім сапасын арттырудағы маңызын түсініп, оны оқу үдерісіне енгізу бағытында практикалық дағдылар алды.
